2026 жылғы 20 қазанда тұрғын үй қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мамандары «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған семинарға қатысты.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

        Семинар барысында көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімдерін кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бөлінісінде орналастыру және жүргізу мәселелері қаралды.Сонымен қатар қатысушыларға кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ қайта тіркеуден өтпеген пәтер иелері кооперативтерін тарату рәсімі түсіндірілді.

        Семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/1314913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version