Республика күні қарсаңындағы тарихи оқиға

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бірлік ауылдық округінде Бірлік, Тұмар және Ақкент ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырының салтанатты іске қосылу рәсімі өтті.
Осы айтулы оқиғамен тұрғындар мен қонақтарды Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарушы Бұлан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.
Бұған дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған үш ауылдың тұрғындары үшін бұл — көптен күткен қуанышты оқиға. Енді олардың үйлеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді.
Жобаның жүзеге асырылуы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1314807?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version