Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Жетісу облысының полиция қызметкерлері «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары үшін М. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсияның басты мақсаты – жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу, сондай-ақ Отанға адал қызмет ету ұстанымын қалыптастыру.
Сапар барысында оқушылар еліміздің тарихымен, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, өткеннің тағылымы мен ұлттық құндылықтардың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1314885?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау