Алматыда Абдолла Қарсақбаев атындағы аудитория ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аудиториясына көрнекті кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың есімі берілді. Аудитория режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай ашылды.

Іс-шараға режиссердің туыстары, мәдениет және өнер қайраткерлері, академия оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиында режиссердің шығармашылығына, фильмдеріндегі кино тілінің ерекшеліктері мен көркем бейнелерге арналған екі монография таныстырылды.

Сондай-ақ мерейтой аясында «Балалық шаққа саяхат» студенттер байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.

Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосқан бірегей тұлға. Оның танымал туындыларының қатарында «Менің атым Қожа», «Қилы кезең», «Алты жасар Алпамыс» және басқа да фильмдер бар.

Атаулы аудитория режиссердің шығармашылық мұрасын сақтап, ұлттық кино өнерін дәріптеу мақсатында жастарды тәрбиелейтін кеңістік болмақ. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1315114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version