№ 41 МЕКЕМЕДЕ «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Арқалық қаласында орналасқан № 41 мекемесінде сотталғандар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және танымдық белсенділігін жетілдіру.

Зияткерлік сайысқа «Қыран» және «Сұңқар» командалары қатысып, өздерінің білімдері мен эрудицияларын көрсетті. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы, спорт және қазақ халқының ұлттық дәстүрлері бойынша сұрақтар қойылды. Сұрақтардың күрделілігіне қарай 10-нан 50 балға дейін бағаланды.

Мұндай танымдық іс-шаралар сотталғандардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.№ 41 МЕКЕМЕДЕ «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1315307?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version