Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетов азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жалпы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өту тәртібіне сонымен қатар, педагогтердің құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтар қойды.
Жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Департамент азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді жалғастырады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау