Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Бородулиха ауданында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, аудан әкімі аппараты бөлімдерінің басшылары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекемелер бухгалтерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит шеңберінде анықтаған қаржылық және рәсімдік сипаттағы жүйелі бұзушылықтар, олардың туындауының негізгі себептері, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті жоспарлау, бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдалану кезінде жіберетін кемшіліктері талқыланды.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жүйелі кемшіліктердің алдын алу, Бородулиха ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржылық тәртіпті нығайту, сонымен қатар аудит объектілерінің алдағы қызметінде бұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын алу бойынша превентивті шаралар қабылдау болды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражатты жоспарлау мен пайдалану кезінде ішкі бақылауды күшейтуге, бюджеттің атқарылуына тұрақты мониторинг жүргізуге, сондай-ақ артық төлемдерді болдырмау үшін жұмыскерлерге жалақы есептеу, іссапар шығыстары мен сыйақы беру кезінде заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1315236?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау