Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам үшін де, мемлекет үшін де маңызды міндет. Әрбір адамның қауіпсіздікке, құрметке және зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғалуға құқығы бар. Зорлық-зомбылық жағдайларын дер кезінде анықтау, алдын алу шараларын жүргізу, азаматтарды өз құқықтары туралы хабардар ету және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету аса маңызды. 🤝 Айналаңыздағы адамдардың қиындықтарына бейжай қарамаңыз. Зорлық-зомбылық оқиғалары туралы дереу хабарлау және қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету – өте маңызды. Отбасында да, қоғамда да зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Құрмет, қамқорлық және жауапкершілік – қауіпсіз отбасының негізі.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау