Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қазанда Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараға Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, «Aq meshit» мешітінің имамы Даурен Муслимов ҚАЖ мекемелерінің теологиялық оңалту тобының жедел уәкілдері мен психологтары, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ресми діни өкілдер қатысты.

Семинар аясында «Марал ишан» мешітінің имамы Сабыржан Есмұрзин ҚАЖ мекемелерінің кітапхана қорына алдын ала тексеруден өткен өзі жазған Құран тәпсірінің үш томдық 5 данасын сыйға тартты.

Кітаптар «Aqniet» қоғамдық қорының, ҚМДБ өкілдерінің және облыс әкімдігінің Дін істері басқармасының бірлескен жұмысы мен «aabdibek_shop» интернет-дүкенінің демеушілігі арқасында табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1315348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version