Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтуде. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 100-ге жуық қызметкер қатысуда.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, одан кейін бастапқы жекпе-жектер болды.
Жарыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1315286?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау