Маңғыстау облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен және «Арлан», «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінің жауынгерлерімен бірлесіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты екі деректің жолын кесті.
Мұнайлы ауданында полицейлер қызметтік ит Кираның көмегімен BMW автокөлігін тоқтатты. Көлікте екі ер адам болған. Жеке тінту барысында олардың бірінен салмағы 34,6 грамм марихуана салынған түйіншек тәркіленді.
Сот шешімімен автокөлік жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Ал екінші ер адамға медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес есірткіге масаң күйде болғаны үшін жауапкершілік жүктелді.
Сол күні Жаңаөзен қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде тінту жүргізілді. Гараж бен шаруашылық бөлмелерін тексеру кезінде марихуана салынған көптеген түйіншектер мен пакеттер анықталып, тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 198,37 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осылайша, екі жедел іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 232,97 грамм марихуананы тәркіледі.
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және ықтимал қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Тергеу жалғасуда.
Дереккөз: Polisia.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1315472?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау