ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

25 қазанда Түркістан қаласында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын бесінші «Turkistan Marathon» халықаралық жүгіру жарысы өтеді. Республика күніне орай ұйымдастырылатын спорттық іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен 3 000 қатысушы келеді. Жарыстың сөресі мен мәресі «Keruen Saray» кешенінің маңында орналасады. Қатысушылар – 42,2 шақырымдық толық марафон, 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырым жүгіру, 10 шақырым скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 3 шақырым қашықтық бойынша бақ сынайды.

Халықаралық марафон – Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, қала экономикасының дамуына серпін береді. Айта кетейік, «Turkistan Marathon» жарысы – халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енгізілген. Жарыс жолы «World Athletics» стандарттарына сәйкес сертификатталған. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жарысқа тіркелу almaty-marathon.kz сайты арқылы жүргізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1315816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version