ҚАЗЫҒҰРТ: «АЛТЫНТӨБЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 22 қазан күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Алтынтөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында Рауан Жұмадуллаұлы мекемедегі еңбек қатынастарында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылды.
 
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қатынастары саласында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1315939?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version