Қостанайлық пара дзюдошы Ермек Нұрқабаев Нагояда өткен V Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ермек 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (J2 класы) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта Өзбекстан өкілі Давурхон Фозил угли Кароматов алтын медаль иеленсе, тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қостанай облысының спортшылары үшін бұл – биылғы Пара ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара пауэрлифтингтен сынға түскен Тұрсынай Қабыл ұлттық құрама қоржынына күміс медаль салған болатын.

Ермекті сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1315880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version