ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Дауловтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, балалардың тәрбиесі мен олардың қоғамдағы мінез-құлқына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары сараланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DeuA7lViJBo/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1316367?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау