Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының өткізілетінін хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатыса алады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
✔ I кезең – 2026 жылғы қараша айында;
✔ II кезең – 2026 жылғы желтоқсан айында.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған үлгідегі өтінім.
2. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімдері көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы бес жылдағы, яғни 2022-2026 жылдардағы мәліметтер).
3. Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2026-2027 оқу жылына).
4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Өтінімдер мен құжаттарды қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-22-84.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1316521?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау