Жаңаарқа ауданында полиция қызметкерлері сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлік тізгіндеген 42 жастағы тұрғынды анықтады.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында Nissan Qashqai автокөлігін басқарған азаматтың құжаттарын тексерді. Нәтижесінде оның 2024 жылы сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Соған қарамастан, азамат қайтадан рөлге отырған. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерге сот шешімдерін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану қажеттігін еске салады. Көлік басқару құқығынан айырылған адамның рөлге қайта отыруы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1316665?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау