Павлодарда жолда қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Павлодар облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Audi A4 көлігінің жүргізушісі Катаев көшесімен қозғалу кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудырған бейнежазбаны анықтады.

     Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 727 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті. 

     Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, кенеттен басып озу, жолақ ауыстыру және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін басқа да қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1316691?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version