Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналармен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес «Заң мен тәртіп» идеологемасын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаты өтті.
Іс-шараны Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Гаухар Оразғалиқызы 8 «B» сынып оқушыларымен өткізді.
Кездесу «Құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық қорғау органдарындағы қызметтің қыр-сырын жеткізу» тақырыбына арналды. Полиция қызметкері оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің ерекшеліктерімен таныстырып, жасөспірімдерге заңға құрметпен қараудың және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алудың маңыздылығын жеткізді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1316809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау