Ұлттық құқық қорғау орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ұжымды мерекемен құттықтап, егемендік пен тәуелсіздіктің еліміз үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Әрбір тарихи белес – жүріп өткен жолды зерделеп, қол жеткізген нәтижелерді бағалауға және алдағы даму бағдарларын айқындауға мүмкіндік береді.
Уәкіл қызметкерлерге кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және әділдікке ұмтылысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ әр қызметкердің жауапты еңбегінің арқасында алға қойылған міндеттер табысты орындалып, ортақ іске үлес қосылып отырғанын атап өтті.
Іс-шара аясында адам құқықтарын қорғау саласына қосқан елеулі үлесі және кәсіби қызметінде қол жеткізген нәтижелері үшін Сулейменова Ажара Дулатқызы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
33 жыл мінсіз қызметі және құқық қорғау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мағжанов Марат Жияншинұлы «Үздік мемлекет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Жоғары көрсеткіштері мен қызметтік борышына адалдығы үшін Орталық пен оның өкілдіктерінің 6 мемлекеттік қызметшісі құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1316739?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау