Табиғи монополияларды реттеу комитетінде Республика күні атап өтілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Комитет төрағасы Тимур Қосымбаев ұжымды мерекемен құттықтады. Ол Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасуын білдіретін Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, мемлекетке жауапкершілікпен қызмет етудің, кәсібилік пен әрбір қызметкердің адал еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Комитетке жаңадан қабылданған қызметкерлер мемлекеттік қызметшінің антын қабылдап, қызметтік міндеттерін адал атқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүддесіне қызмет етуге дайын екендіктерін растады.

Іс-шара барысында кәсіби жетістіктері мен табиғи монополияларды реттеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлерді марапаттауға ерекше көңіл бөлінді. Комитет қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ Комитет төрағасының алғыс хаттары табысталды.

Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының бас сарапшысы Алтын Елубекова және Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы Вероника Сейтмағамбетованың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы ерекше атап өтілді. Мемлекеттік наградалар олардың көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан кәсіби үлесінің жоғары бағаланғанын білдіреді.

Салтанатты жиынды қорытындылай келе, Комитет төрағасы ұжымға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, қызметкерлерге зор денсаулық, амандық және кәсіби қызметте алдағы уақытта да табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1316857?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version