25 қазан – Республика күні мерекесіне орай арнайы шара

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлеріне арналған 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай арнайы шара ұйымдастырылды.
Шараны кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы Сейталина құттықтау сөзімен ашып, қоғам және адам қәуіпсіздігі үшін санитариялық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінің рөлін атап өтіп, департамент басшысы Райхан Муса-Әліқызы Қойшановаға сөз берді.
Сала басшысы өз сөзінде тәуелсіз еліміз – Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінің негізі – азаттық үшін талмай күрескен кешегі ата-бабалар мен ел ертеңі ұлағатты ұрпақтың ұлттық және елдік дәстүрлер сабақтастығын жалғастырып, қастерлей білуі деп атап өтті. Ал, белгілі педагог-зерттеуші Гүлбадам Дәулетқызы Абдрахманова еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен басты саяси оқиғаларына тарихи шолу-баяндама жасады.
Шара аясында тәуелсіздік тақырыбына пайымды пікір алмасу ұйымдастырылып, санитариялық-эпидемиологиялық салада қызмет атқарып жүрген бірқатар үздік жас мамандардың ата-аналарына арнайы Алғыс хаттар және департаменттің бас маманы Журумбаева Қарлығаш Серікқызына сала кәсіподағының «Ақтөбе облысы денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1316978?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version