ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймыз!
Республика күні – мемлекеттігіміздің негізі қаланған, ұлттық бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің бастауы болған айрықша тарихи күн. Бұл мереке – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, елдік мұраттарын және жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайтын қастерлі мереке.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және молшылық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін! Ортақ мақсат жолындағы бірлігіміз нығайып, қаламыз көркейіп, әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық орнасын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1316927?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау