Жылысай ауылында ардагерлер арасында шахмат және дойбы спорт түрлерінен аудандық жарыс

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ЖЫЛЫСАЙ АУЫЛЫМЫЗДА АУДАНДЫҚ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ!
Қазақстан Республикасының мерекесіне орай Жылысай ауылында ардагерлер арасында шахмат және дойбы спорт түрлерінен аудандық жарыс ұйымдастырылды. ♟️
Спорттық шараның басты мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, сондай-ақ шахмат пен дойбы ойындары арқылы қатысушылардың ойлау қабілеті мен шеберлігін дамыту.Спорттық шара барысында Кеген аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының басшысы Мұқанқожев Гайдар Әріпбайұлы, “Кеген аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту” мемлекеттік мекемесінің басшысы Тәтібаев Талғат,  Жылысай ауылдық округ әкімі Масенов Руслан Кеңесжанұлы, Жылысай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Таубалдиев Болат Әбікенұлы жарысқа қатысушыларға ізгі ниеттерін білдіріп, сәттілік тіледі. Спорт әдіскер нұсқаушысы Нуралы Нұрланұлының жетекшілігімен жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір ойын үлкен зейін мен сабырлылықты талап етіп, қатысушылардың шеберлігі мен тәжірибесін айқындады.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🔹 Дойбыдан әйелдер арасында: 🥇 І орын – Мұсаева Күлсін
🥈 ІІ орын – Әкімжанова Гүлнар
🥉 ІІІ орын – Әлиасқарова Баян
🔹 Дойбыдан ерлер арасында: 🥇 І орын – Әлдебеков Бақберген
🥈 ІІ орын – Салдықбеков Т.
🥉 ІІІ орын – Советов Нұрбай
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кеген аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен спортқа деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және толағай табыстар тілейміз! 💐
Осындай игі шаралар ардагерлеріміздің белсенді өмір салтын қалыптастырып, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайта берсін!
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1316939?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version