Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Ауа райының қолайсыздығына, қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жолдарда жүру қауіпті болуы мүмкін.
Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз:
– Жылдамдықты төмендетіңіздер;
– Көлік құралдары арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыздар;
– Кенеттен тежеу мен қауіпті маневрлерден аулақ болыңыздар;
– Қысқы жол жағдайына сай көлік жүргізіңіздер;
– Аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпаңыздар.
Жолға шығар алдында көлігіңіздің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы болжамы мен жол жағдайы туралы ақпаратқа назар аударыңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыздар! Жолдарыңыз болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1317247?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау