Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды.
№106 мектепте өткен зияткерлік сайыста оқушылар ұлттық ойыннан шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ұлдар арасында
I орын – Қуаныш Аян (№101 мектеп)
II орын – Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)
III орын – Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)
Қыздар арасында
I орын – Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)
II орын – Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)
III орын – Жетпис Ляззат (№112 мектеп)
Турнирді Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген жас зияткерлерге алдағы жарыстарда табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1317171?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау