“Жас сақшы” сыныбының оқушыларына тарихи-мәдени кешенге экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысында жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шара өтті. Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері “Жас сақшы” сыныбында білім алатын 24 оқушыға Шымкент қаласындағы “Шым қала” тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар тарихи-мәдени кешенмен танысып, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жас сақшыларға қызметтік адалдықтың, абыройды сақтаудың және өзгелерге жеке үлгі көрсетудің маңызын түсіндірді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын қалыптастыруға және полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1317107?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version