ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
25 қазан – Республика күніне орай Қарғалы ауданындағы орталық саябақта аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Мемлекеттік Ту – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлігі мен тұтастығының айқын символы. Көк байрағымыздың биікте желбіреуі – әрбір қазақстандық үшін зор мақтаныш пен отансүйгіштіктің белгісі.
Республика күні – халқымыздың азаттық жолындағы тарихи таңдауын айшықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, елдігімізді нығайтатын маңызды мереке.
Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 Республика күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1317458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version