РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының «Астана» алаңы кеше ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.

Ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламада жергілікті шығармашылық ұжымдармен қатар, елімізге танымал өнер жұлдыздары – Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, ӘділетЖауғашар, Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Еркеш Хасен өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты — ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау.

Республика күні – халқымыздың өткен жолын саралап, тәуелсіздігіміздің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды мереке.

Шымкенттегі мерекелік іс-шара осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.

Мерекелік кеш бүгін де Астана алаңында жалғасын тауып, соңы жарқын отшашумен қорытындыланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1317446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version