«Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмаханов Шу ауданында орналасқан «Данисия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Тексерудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

Тексеру барысында еңбек шарттарын жасасу тәртібінің, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің сақталуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қарастырылады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушілердің заңнамада белгіленген міндеттерін тиісінше орындауына ерекше назар аударады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1317885?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version