Степногорск қаласының прокуратурасы балаларға заңсыз көрсетілген стоматологиялық қызметтер үшін 2,5 млн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға тиісті маман сертификатынсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, «Viamedis» ЖШС филиалының тіс дәрігері балаларға медициналық қызмет көрсету құқығын беретін тиісті маман сертификатынсыз медициналық көмек көрсеткен.

Аталған дәрігер 345 кәмелетке толмаған пациентке медициналық қызмет көрсеткені, ал көрсетілген қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленгені анықталды.

Негізсіз төленген медициналық қызметтердің жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады. Балаларға қажетті рұқсат құжаттарынсыз медициналық көмек көрсету олардың денсаулығына қауіп төндіріп, сапалы әрі білікті медициналық көмек алу құқықтарын бұзған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою және негізсіз төленген қаражатты қайтару шаралары қабылданып, нәтижесінде 2 569 792 теңге мемлекетке қайтарылды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1317701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version