Аталған түсіндіру жұмыстарын Департаменттің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі мен Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері жүргізді.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Демешовтің және С. Жаймағамбетовтің төрағалығымен инженерлік-инспекторлық құрамды бейнежетондармен қамтамасыз ету және оларды қызметтік міндеттерін атқару барысында белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында бейнежетондарды пайдалану тәртібі, оларды іске қосу және бейнежазба жүргізу қағидалары, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде құрылғыларды дұрыс әрі тиімді қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке және өзге де мүдделер үшін пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдері жиналысқа Zoom платформасы арқылы қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1318230?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау