Қызылорда қаласында аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен өткен «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген жерлестеріміз марапатталды.
Атап айтқанда, Қазалы ауданы Аранды ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Мүбереков Жангелді Тыныштықұлы «Озат ветеринар» номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, «АгроӨркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас механигі Әлиев Нұркен Мұсаұлына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталды.
Бұл марапаттар – табанды еңбек пен кәсіби біліктіліктің, өз ісіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Жерлестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Ауылымыздың абыройын асқақтатар жетістіктеріңіз арта берсін!
#АлтынКүз2026
#ҚазалыАуданы
#АрандыАуылдықОкругі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-arandy/press/news/details/1318295?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау