“Республика -ел тірегі”атты дөңгелек үстел

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

    Айнабулақ ауылдық округінде Республика күніне орай «Республика – ел тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында қатысушыларға Республика күнінің тарихи маңызы туралы мағлұмат беріліп, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері баяндалды.Сонымен қатар кітапхана тарапынан «Қыран елім – Қазақстаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Республика тарихы, рәміздер және танымал тұлғалар туралы кітаптар қойылды.Жиын барысында қатысушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, белсенді қатысқандар марапатталды. Шара соңында ардагерлер мен ауыл ақсақалдары құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа бірлік пен ынтымақты сақтауға шақырды.Іс-шара патриоттық рухта жоғары деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-ainabulak/press/news/details/1318186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version