«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: “ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ” ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 қазанда Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиалы «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, азаматтарға заңнама талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғау тәртібі жөнінде кеңестер ұсынылды.

Аталған іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1318508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version