ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті.

Ұлттық мереке – Республика күні еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нығаюын, ел бірлігі мен тұрақты дамуын айшықтайтын маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – халқымыздың азаттық жолындағы тарихи таңдауы мен егемендікке деген ұмтылысын бейнелейтін ерекше дата.

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде ауданның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ауданның дамуына елеулі үлес қосып, өз саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азамат облыс әкімі мен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне көрсетілген құрмет пен жоғары баға.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-algabas/press/news/details/1318373?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version