2026 жылғы 22 қазанда Ақжар мәдениет үйінде Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өтті.
🎯 Кездесудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және кәсіби құқықтық кеңес беру.
🎤 Кездесуді қор басшысы Мейрамгүл Есниязова жүргізіп, өз құқығын білу, өзгенің құқығын құрметтеу және азаматтық міндеттерге жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.
👥 Кездесуге қатысқан мамандар:
🔹 Абилхаиров Сағындық Уалитович – Әділет департаментінің бөлім басшысы;
🔹 Есбосын Асан Балғабайұлы – адвокат;
🔹 Жайкин Туреадил Орынбасарович – жекеше нотариус;
🔹 Кукатов Мейрам Бактыгалиевич – жеке сот орындаушысы;
🔹 Баймуратов Ерболат Темірболатович – учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры.
📄 Мамандар азаматтардың құқықтарын қорғау, мұрагерлік пен сенімхат рәсімдеу, мүліктік мәселелер, алимент өндіру, берешекті өтеу және сот шешімдерінің орындалуы жөнінде түсіндірме берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1318736?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау