Қазақстан Елшісі «Абылай ханның қара жолы» халықаралық тарихи-мәдени автоэкспедициясының қатысушыларын қабылдады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ташкент, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов «Абылай ханның қара жолы» халықаралық тарихи-мәдени автоэкспедициясының қатысушыларымен кездесті.

Кездесу барысында экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Идрисов қазақ халқының тарихи мұрасын зерттеуге, мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеуге және Орталық Азия халықтары арасындағы тарихи байланыстарды нығайтуға бағытталған жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

Қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Абылай хан дәуірін Орталық Азияның бай тарихи мұрасымен, соның ішінде Әмір Темір дәуірімен байланыстыратын тарихи сабақтастық пен мәдени байланыстарға ерекше назар аударылды.

Экспедицияның ортақ тарихтың маңызды беттеріне назар аудартып қана қоймай, мәдени диалогты дамытуға, тарихи жадыны сақтауға және қазақ пен өзбек халықтары арасындағы достықты нығайтуға ықпал етуге бағытталғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі халықаралық экспедицияны өткізу бастамасын құптап, мұндай жобалардың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара түсіністікті тереңдету және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.

Е. Тоғжанов қазақ және өзбек халықтарының ғасырлар бойы ортақ тарихпен, рухани дәстүрлермен және мәдени құндылықтармен байланысты болғанын атап көрсетті. Орталық Азияда мемлекеттілік пен өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың тарихи мұрасы өңір халықтарының ортақ игілігі болып табылады.

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын дәйекті түрде нығайтып келе жатқан қазіргі жағдайда ортақ тарихи тамырларға жүгіну және рухани мұраны ұқыпты сақтау ерекше маңызға ие екені атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарихи-мәдени зерттеулер саласындағы одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары, ортақ мұраны дәріптеу және бірлескен ағартушылық бастамаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1318617?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version