Автор: admin
-
Қазақстанда 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабында шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысының АӨК-ті кешенді түрде дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша бүгінгі таңда химиялық өңдеу 1,3 млн гектар алқапта жүргізілген, бұл – биылға межеленген жұмыстардың жалпы болжамды көлемінің 62%-ы. Қорғау іс-шаралары фитосанитариялық мониторинг нәтижелері негізінде жүзеге асырылуда.…
-
Медицина қызметкері күні қарсаңында біз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен жандар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.
Хабдулина Зауреш Қайыркенқызы – санитариялық қызметтің ардагері, өз мамандығына отыз жылдан астам өмірін арнаған маман. Оның көпжылдық еңбегі өңірдің санитариялық қызметі тарихының маңызды бір бөлігіне айналды. Зауреш Қайыркенқызы өзінің кәсіби жолын 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «санитариялық дәрігер» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастаған. Жас маман Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына жұмысқа орналасып, онда біртіндеп аурухана…
-
Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 485 тексеру жүргізді. Оның ішінде 212-сі жоспардан тыс, 167-сі профилактикалық бақылау аясында, ал 106-сы прокуратура органдарының талабы бойынша өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 303 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 38,9 млн теңгеден асатын 185 айыппұл салынды. Мемлекеттік…
-
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері/басшысы бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және оны өткізу кестесі.
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері/басшысы бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және оны өткізу кестесі. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты Әңгімелесудің күні, мекенжайы және өткізілетін уақыты Берденов Бекзат Турганалиевич 2026 жылғы 25 маусым Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау…
-
Мемлекеттік қызметші күні
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – бұл жауапкершілік, өз ісіне берілгендік және қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет ету. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру, өңірді дамыту сіздің кәсібилігіңізге, құзыреттілігіңізге және адал еңбегіңізге байланысты. Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өзінің көп жылдық еңбегі мен…
-
Құрметті Мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, кәсіби жетістік, алға қойылған мақсаттарға және еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жаңа табыстарға жетуге тілектеспіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1245681?lang=ru
-
Медицина қызметкері күні қарсаңында біз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан жандар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз қырық жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман Алимжанова Фарида Шамшиевна. Оның бүкіл еңбек жолы санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен тығыз байланысты. Фарида Шамшиевна еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Жас маман ретінде ол Көкшетау облысының Ленин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына санитариялық дәрігердің көмекшісі болып жұмысқа орналасты. 1998 жылдан…
-
Медицина қызметкері күні қарсаңында біз санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан жандармен таныстыруды жалғастырамыз.
Санитариялық қызмет тарихының келесі бір жарқын беті – өз өмірінің қырық жылдан астам уақытын таңдаған мамандығына адал қызмет етуге және халық денсаулығын қорғауға арнаған Сарманғалиева Роза Абылғазықызының есімімен байланысты. Роза Абылғазықызы еңбек жолын 1986 жылы Ерейментау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында бастады. Содан бері оның бүкіл кәсіби қызметі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесімен тығыз сабақтасып келеді. Бүгінде Роза Абылғазықызы…
-
Медицина қызметкері күні қарсаңында біз көпшіліктің көзіне көбіне көріне бермейтін, алайда халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауда аса маңызды рөл атқаратын адамдар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.
Біздің тарихымыздың кейіпкері – Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Ехсанова Самал Хайрошқызы. Ол санитариялық қызметке 25 жылдан астам өмірін арнаған. Өзінің кәсіби жолын ол 1999 жылы Зеренді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бастаған. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ ол тек лауазымдық міндеттерді орындаумен шектелмей, халықтың санитариялық саулығына тікелей әсер ететін үдерістерді терең түсінуге ұмтылды. Жылдар…
-
Құрметті отандастар! Қадірлі әріптестер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмысы мен тиімділігін қамтамасыз етіп келе жатқан сала мамандарының кәсіби мейрамы. Елді өркендету, ұлттық мүддеге қызмет ету мен халықтың әл-ауқатын жақсарту – әр мемлекеттік қызметшінің қастерлі борышы. Қазақстанның қаржы-экономикалық тұрақтылығы, мемлекеттік стратегияның және реформалардың сәтті орындалуы сіздердің табанды еңбектеріңізбен тығыз…
-
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялау
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация – ауру тудыратын микроорганизмдерді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар. Қазақстанда көрсетілетін осы қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында аталған қызмет түрін міндетті лицензиялау енгізілген. Осылайша, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы №123-VII Заңына сәйкес, аталған қызметтерді көрсететін…
-
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесінде: Ұлттық ұлан оркестрі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетімді оркестрі Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шеру мен мерекелік концерт өткізді. Музыкалық бағдарлама GuardNext жобасы аясында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті. Әуелі қаланың ең танымал орындарының бірінде әскери музыканттардың салтанатты шеруі өтті. Одан кейін оркестр концерттік бағдарламасын ұсынды. Онда әскери-патриоттық шығармалар мен отандық эстраданың танымал туындылары…
-
Медицина қызметкері күні қарсаңында біз санитариялық-эпидемиологиялық қызметте ұзақ жылдар еңбек етіп, туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
Солардың бірі – санитариялық қызметтің ардагері Аманбаева Салидат Советовна. Ол өзінің бүкіл еңбек жолының басым бөлігін осы маңызды салаға арнады. 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «санитариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Келлер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігер ретінде бастады. Кейін Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында еңбек гигиенасы бойынша санитариялық дәрігер қызметін атқарды. Дәл…
-
Бірыңғай кедендік декларациялар журналы
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің назарын қосымша түрде 2026 жылдың 11 сәуірінен бастап тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар «KEDEN» ақпараттық жүйесіндегі «Кедендік декларациялар» – «Кедендік декларациялардың бірыңғай журналы» модулінде жүзеге асырылатынын аударады. Жаңа модуль цифрландыру жұмыстарын ілгерілету шаралары аясында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын сақтау мен…
-
АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРҒА НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты маңызды алты мәселе қаралды. Әскерге шақыру жоспарының орындалу барысы туралы; Көлік салығы берешектерін өндіру және іс-шаралар…
