Автор: admin

  • Алматыда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматыда көші-қон заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Келімсек-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Бес күнге созылған іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 176 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 225 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Атап айтқанда, мегаполис аумағында болу қағидаларын бұзған 830 шетелдік жауапқа тартылды. Сондай-ақ шақырған азаматтарының елімізде заңды…

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 19 маусымда “СҚО Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді. Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-sokolovsk/press/news/details/1245016?lang=ru

  • ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛҒАН “ШЫМҚАЛА” ЭТНОАУЫЛЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

     Қала күніне орай ашылған «Шымқала» этноауылының алғашқы кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі.   Жаңа нысан қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне берілді. Мәдени-туристік кешен жеке инвестордың қаражаты есебінен салынған. Жоба қаланың туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық мұраны дәріптеуге және креативті индустрияларды дамытуға бағытталған.   Мұнда ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени кеңістіктің мүмкіндіктері үйлесім тапқан. Жобаның алғашқы кезеңі аясында…

  • Ақмола облысы агроөнеркәсіп кешеніне халықаралық серіктестерді тартуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов канадалық TELUS Agriculture & Consumer Goods компаниясының басшысы Крис Терриспен онлайн-кездесу өткізіп, онда тараптар өңірде етті мал шаруашылығын дамыту және ет кластерін қалыптастыру жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. Кездесуге облыстың жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. «Ақмола облысы еліміздің…

  • ШҚО ҮСТЕЛ ТЕННИСШІЛЕРІ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ЕНШІЛЕДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII республикалық халық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисішілері жоғары спорттық шеберлік танытып, айрықша нәтиже көрсетті. Республиканың ең мықты ұжымдары бақ сынаған тартысты бәсекеде ШҚО құрамасы табандылық пен жоғары дайындық деңгейін байқатып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Осылайша, біздің теннисшілер халық ойындарының күміс жүлдегері атанды. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және…

  • БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ: АУДАН ӘКІМІ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ: АУДАН ӘКІМІ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ   Балалардың шат күлкісі мен жарқын болашағы – кез-келген қоғамның басты құндылығы. Жас ұрпақтың сапалы білім мен тәрбие алып, алаңсыз өсуіне жағдай жасау мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болса, бұл іске жергілікті атқарушы билік те ерекше көңіл бөліп келеді.   Осы мақсатта аудан әкімі Серік…

  • Баспасөз хабарламасы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 26 маусымында сағат 10-00 де «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау».  Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік…

  • 22 маусымда Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша түсіндіру және брошюраларды тарату бойынша халықпен жұмыс жүргізді. Таратылған брошюралар саны – 40 дана.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    22 маусымда Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша түсіндіру және брошюраларды тарату бойынша халықпен жұмыс жүргізді. Таратылған брошюралар саны – 40 дана. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-syrymbet/press/news/details/1245023?lang=ru

  • ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ   «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан көлемінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, оған 1800-ге тарта мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар қатысты.   Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес өткен ауқымды тазалық шарасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркеюіне үлес қосу және…

  • «Дала күні – 2026» аясында заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында агроөнеркәсіптік өндірісте цифрлық технологияларды енгізу және аграрлық секторда инновациялық шешімдерді дамытуға арналған «Дала күні – 2026» республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, халықаралық ұйымдар мен фермерлік шаруашылықтардың өкілдері қатысты. Шара институттың демонстрациялық алқаптарын аралаудан басталды.…

  • Актив отырысында облыс әкімінің орынбасары таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нұриддин Аманқұл таныстырылды.Мұрат Нәлқожаұлы жаңа орынбасарына өңірдің кәсіпкерлік, туризм және аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырды.Нұриддин Аманқұлұлы 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Экономика»…

  • Станиславский театрының мерейтойлық маусымы несімен есте қалды?

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Премьералар, гастрольдік сапарлар және фестивальдік марапаттар — Қарағандыдағы К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры соңғы жылдардағы ең мазмұнды кезеңдердің біріне айналған өзінің 95-маусымын аяқтап отыр. Шығармашылық жылдың қорытындысы 26 маусым күні өтетін «Сүйікті театрымызға – 95!» атты мерекелік кеште шығарылады. Салтанатты шара сағат 18:30-да театр алдындағы алаңда басталады. Қонақтарды қаланың ең көне театрының тарихына…

  • Жабдық өндіруден энергетикаға дейін: Invest Caravan Астана кәсіпорындарын аралады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасы «Invest Caravan» акциясы аясында телекоммуникациялық жабдықтарды әзірлеу және өндірумен айналысатын «Digital System Servis» ЖШС-ның, сондай-ақ кешенді трансформаторлық қосалқы станциялар мен электр техникалық өнімдер шығаратын «Спецэлектра» ЖШС-ның өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізді. Кәсіпорындарды аралау барысында қатысушыларға инвесторлардың құқықтарын прокурорлық қорғау тетіктері түсіндіріліп, инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Айта кету керек,…

  • БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және…

  • ШҚО ҚҰРАМАСЫ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНДА ГІР СПОРТЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан қаласында өткен VIII Халық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының гір спорты бойынша құрамасы айрықша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте құрметті 1-орынды иеленді. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің помостында өткен тартысты бәсекеде біздің спортшылар жоғары кәсіби дайындық, темірдей төзімділік пен жеңіске деген шынайы ерік-жігер танытты. Өңір намысын абыроймен қорғаған атлеттеріміз өздерінің мықтылығын дәлелдеп, жарысты жарқын жеңіспен аяқтады.…

Exit mobile version