Автор: admin
-
ШҚО-да «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
19-24 маусым аралығында облыс аумағында жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қоюға, сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануды анықтауға бағытталған республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауына бақылауды күшейтеді. Ерекше…
-
АЛМАТЫДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды И. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық инфекциялық аурухана жанындағы Орталықтандырылған зертханада жаңа зертханалық кешеннің ашылуына қатысты. Орталықтандырылған зертхана үшін автоматтандырылған тректік жүйемен және жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған заманауи кешен пайдалануға берілді. Жаңа жабдық диагностикалық анализаторларды бірыңғай цифрлық желіге біріктіріп, зерттеулерді жүргізу уақытын…
-
Халықаралық медицина қызметкерлері күні жақындап келеді
Халықаралық медицина қызметкерлері күні жақындап келеді. Бұл мереке жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1244493?lang=kk
-
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан,…
-
Калинин негізгі орта мектебінде аумақты тазалау және абаттандыру мақсатында шлак пен көмір қалдықтарын жинау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар КХ Омаров техникасының көмегімен жүзеге асырылды. Бұл шара мектеп ауласының тазалығын сақтауға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1244477?lang=ru
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 977 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын арттыру және еңбек нарығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысында 2018 жылдан 2026 жылдың 1 маусымына дейінгі кезеңде облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жалпы 977 654 жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының ішінде 265 245 адам Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық жобалар мен…
-
АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ!
Ауылдың иісі аңқыған, дәстүрдің дәмі сезілген күнге қош келдіңіз! Бір күнге телефонды ұмытып, бала күнгі ауылдың қызығына қайта оралайық! Садақ атып мергендігіңізді сынаңыз, Арқан тартып күшіңізді көрсетіңіз, Күбі пісіп, құрт жасап ата кәсіптің қадірін сезініңіз, Ләңгі теуіп балалық шаққа саяхат жасаңыз! 30 маусым 2026 жыл 09:00 Өтетін орны: хабарланады Ауылдың күні – бәріміздің мерекеміз!…
-
Лаврентьев негізгі мектебінде аумақты тазалау және абаттандыру мақсатында шлак пен көмір қалдықтарын жинау жұмыстары жүргізілді. Бұл шара мектеп ауласының тазалығын сақтауға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1244480?lang=ru
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
2026 жылғы 19 маусымда «СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді. Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-peterfeld/press/news/details/1244481?lang=ru
-
САРЫАҒАШ: АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі – егін шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта су арналары мен каналдардың техникалық жағдайын жақсарту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін «Р-14» каналына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу…
-
Ауылдық округ тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына белсенді қатысуда. Олар өз аулалары мен көшелерін тазалап, қоқыстарды жинауда. Бұл бастама қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1244483?lang=ru
-
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі ШҚО кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында ол «Молочный Экспрес» ЖШС-не, «DEMEY» оңалту және түзету орталығы қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ «Алтай» көтерме-тарату орталығына барды. Сапар аясында Ерлан Сағнаев облыс әкімдігі ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1244484?lang=ru
-
САРЫАҒАШ: ШЕҢГЕЛДІДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК
Сарыағаш ауданында тұрғындардың мәдени-рухани әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Шеңгелді елді мекенінде салынып жатқан 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимараты. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысанның құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынын бақылаған аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне…
-
САРЫАҒАШ: «ДАРБАЗА–МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар «Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа барып, жобаның орындалу барысымен танысты. Аудан басшысы нысандағы жұмыс қарқынын бақылап, жауапты мамандармен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы аумағында аталған жоба…
-
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы мақсатта, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «KZ-21» мал бордақылау алаңының өндірістік үдерістермен танысты. Аудан басшысы шаруашылықтың қазіргі жағдайын көріп, кәсіпорын ұжымымен пікір алмасты. Мал шаруашылығын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды.Сонымен қатар,…
