Автор: admin
-
Талдықорғанда 73 отбасы қоныс тойын тойлады
Талдықорғанда 73 отбасы қоныс тойын тойлады Бүгін әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ көпбалалы 73 отбасыға «Жастар-3» тұрғын үй алабынан жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды. Шаттық иелерін арнайы құттықтауға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл келіп, жаңа баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады. Қала әкімі өз сөзінде тұрғындардың өмір…
-
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті көшпелі XXXVII сессиясы өтіп, күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында депутаттар Жетісу облысының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітті. Бұл құжат өңірдегі қаржылық тұрақтылықтың сақталғанын, сондай-ақ жоспарланған жобалар мен бағдарламалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындайды. Сонымен қатар, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының 2024-2029 жылдарға арналған іс-шараларының орындалуы жөніндегі баяндамасы…
-
20 маусымда Қазақстанның жоғары оқу орындарында талапкерлерден құжаттарды қабылдау басталады
20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды. ҰБТ тапсырған және білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламаған талапкерлер 20 маусымнан бастап таңдалған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Білім беру грантын алуға үміткер үміткерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер…
-
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде
Түркістан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Қадағалау нәтижесінде облыс аумағында 241 заңсыз қоқыс орны анықталып, оларды жою және аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қадағалау актілері енгізілді. Сонымен қатар, қала, аудан прокуратураларының үйлестіруімен жергілікті атқарушы…
-
Өңірде ауыз су инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру жұмыстары жалғасуда
💧 2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов және Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Талапкер және Қажымұқан ауылдарына Покровское жерасты су кен орнынан су құбырын тарту құрылысының барысымен танысты. Жобаны ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті жүзеге асыруда.…
-
Қазақстан Елшісінің Соғды облысына жұмыс сапары туралы
Худжанд, 2026 жылғы 17-18 маусым – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төрехановтың Соғды облысына жұмыс сапары өтті.Сапар аясында қазақстандық дипломат Соғды облысының төрағасы Р.Ахмадзодамен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі мемлекет басшылары тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Кездесуде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өзара сауданы ұлғайту және инвестициялар тарту салаларындағы…
-
Мобильді аударымдар және салықтық бақылау: салық төлеушілер нені білуі қажет?
Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары салық салу объектісі болып табылмайды. Салық салуға тек кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар жатады. Туыстардан келіп түсетін аударымдар, сыйлық, материалдық көмек немесе жеке қажеттіліктерге арналған жинақтар түріндегі қаражат, табыс болып саналмайды және салық салуға әрі декларациялауға жатпайды. Сонымен қатар, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай қаражаттың жүйелі түрде келіп…
-
«2026-2028 жылдарға арналған Қосжар ауылдық округінің бюджеті
«2026-2028 жылдарға арналған Қосжар ауылдық округінің бюджеті туралы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 487 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Арал аудандық мәслихатының сессиясы шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабына, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23…
-
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫ, ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Алдымен депутаттар жаңадан бой көтерген «Nomad luxe» қонақүйінде болып, жобаның өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызына тоқталды. Шекара маңындағы аудан ретінде Панфилов ауданына келетін туристер мен қонақтар саны жыл сайын артып келеді. Осы орайда заманауи әрі жайлы қонақүйдің ашылуы туристік инфрақұрылымды дамытуға және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға оң ықпал ететіні атап өтілді. Одан кейін халыққа…
-
«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды. Ақпарат…
-
Әр секунд маңызды болғанда
Полиция қызметі тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен қылмыспен күресуден ғана тұрмайды. Көп жағдайда дәл полиция қызметкерлері шұғыл көмекке, қолдауға және жанашырлыққа мұқтаж адамға алғаш болып жетеді. Жуырда полицияға алаңдатарлық хабарлама келіп түсті: небәрі 20 жастағы жас жігіт сегізінші қабатта тұрып, өз өміріне қауіп төндіретін ойланбай жасалатын қадамға бармақ болған. Оқиға орнына жедел жеткен полицияның…
-
8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының назарына!
8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2026 жылы 30 маусымда сағат 10:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді. Сессияға шақырылғандарды тіркеу сағат 09:00-дан бастап жүргізілетін болады. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері ахуалды орталықта (2-қабат) өтеді: Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және Өнеркәсіп, құрылыс және инвестициялар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия –…
-
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен қатысуымен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау, шомылу кезінде сақтық шараларын қабылдау, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Аталған іс-шара халықтың судағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз…
-
Жетісу облысында балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс кездесуі өтті
Жетісу облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастамасымен кәмелетке толмағандардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің, білім беру органдарының, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қатысуымен болатын…
-
Аудандық мәслихаттың 32-ші кезекті сессиясын күнін ауыстыру туралы
Теректі аудандық мәслихаты төрағасының ШЕШІМІ №33 2026 жыл 18 маусым Аудандық мәслихаттың 32-ші кезекті сессиясын күнін ауыстыру туралы Сессия қарауына енгізілген мәселелер бойынша құжаттардың толық топтамасын пысықтау және ұсыну қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:2026 жылғы 22 маусымға жоспарланған мәслихаттың кезекті 32-сессиясы 2026 жылғы 29 маусымға ауыстырылсын. Аудандық мәслихаты төрағасы А.Нургалиев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/terekta-maslihat/press/news/details/1244185?lang=ru
