Автор: admin
-
Былтыр 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді
Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды,…
-
Брюссельде Қазақстанның жасанды интеллект, ғылым және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша келісімдер пакетіне қол қойылды
Брюссель, 2026 жылғы 22 маусым Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллектті, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар инвестиция тарту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, озық технологияларды енгізу және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.…
-
Қонаев қаласының мәслихаты барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.
Қонаев қаласының мәслихаты барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, адалдық пен кәсібилікті талап ететін абыройлы міндет. Сіздер күн сайын еліміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қажырлы еңбек етіп келесіздер. Сіздердің әрбір шешімдеріңіз – ел болашағына, қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігіне әсер етеді. Сондай-ақ, құқықтық тәртіпті…
-
Ақтөбе облысында «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының жеңімпаздары анықталды
Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдауға, олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша өңірдің үздік он студенті анықталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар оқу үлгерімі, кәсіби даярлығы, қоғамдық белсенділігі мен авторлық жобаларын жүзеге…
-
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту
Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас…
-
Ақтөбе облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүзеге асуда
Өңірде жыл басынан бері 12 194 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2,5 есе арттыру көзделуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. «Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың түрлі шараларына…
-
Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құқық қорғау органдарының қызметі – жоғары жауапкершілікті, батылдықты, кәсібилікті және халыққа адал қызмет етуді талап ететін аса маңызды міндет. Сіздер күн сайын заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қорғау жолында қажырлы еңбек етесіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, сабырлық,…
-
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты мекемелер қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған жұмыс кеңесі өтті.Іс-шараға Алматы облысындағы барлық медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау,…
-
Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мәселелері Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесі отырысында талқыланды
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбековтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға «Қазсушар» РМК Бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев, Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов, Стратегиялық даму департаменті директорының міндетін атқарушы Сәкен Әтел, сондай-ақ сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту,…
-
«Қазсушар» қарамағындағы 32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын ГЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба…
-
Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және қоғам алдындағы жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен отансүйгіштік қасиеттеріңіз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына берік негіз қалайды. Мемлекет пен…
-
Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара
🔹2026 жылғы 22 маусымында Әділет департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Қостанай облысы әкімінің грамоталары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хаттары табысталды.🔹 Құттықтау сөзбен Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Е.А. Салықбаев…
-
Аудандық мәслихатының екі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы
Аудандық мәслихатының екі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы 2026 жылдың 22 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты төрағасының жұмыс кабинетінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде аудандық мәслихатының екі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде: Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттарының атына аудан тұрғындары тарапынан ауызша келіп…
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді
2026 жылғы 22 маусымда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Балғабеков Бауыржан Нұрлыбекұлы және аталған департаменттің бас маманы Кожабекова Меруерт Жаслановна жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1245637?lang=ru
-
Мемлекеттік қызметші күні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/1245638?lang=ru
