Автор: admin
-
Таза Қазақстан – таза болашақ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-timofeev/press/news/details/1246935?lang=ru
-
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі
Бисенгалиев Нурдаулет Базарбаевич Әңгімелесу кестесі: 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК бас дәрігерінің бөлмесінде өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk/press/news/details/1246918?lang=ru
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай сала дамуына елеулі үлес қосып, қызмет барысында жоғары кәсібилік танытып жүрген әріптестеріміз марапатталды.Мінсіз қызметі, өз ісіне адалдығы және жүктелген міндеттерді тиімді орындағаны үшін Құрмет грамоталарымен Баймағанбетова Мөлдір Асығатқызы мен Азбергенова Динара Серікқызы наградталды.Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, алдағы қызметтеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Ақпарат…
-
Көгалдандыру мен инфрақұрылымды жаңғырту: Сарыарқа ауданында заманауи абаттандыру жұмысы жүріп жатыр
Елорданың Сарыарқа ауданында тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Соңғы екі жылда ауданның келбетін жақсартуға, көгалдандыру мен инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 2025 жылы ауданда 52 аула абаттандырылды. Оның ішінде 16 аулада кешенді жөндеу жүргізілсе, 36 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында…
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Воронеж ауылдық округінде жүргізілген түсіндіру жұмыстары
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Воронеж ауылдық округінде тұрғындар арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ тұрғындарды табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысуға тарту. Округ тұрғындарымен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды уақытылы тазалау және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс…
-
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ
Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып,…
-
Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. – Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шет елден тікелей тартылған инвестицияның жартысына…
-
Құрметті судьялар, сот саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сот жүйесі – әділдік пен заң үстемдігінің берік тірегі. Сіздердің жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген қызметтеріңіз азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді нығайтуға зор үлес қосуда. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Әрдайым абырой биігінен көрініп,…
-
Алға аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Күн тәртібінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Асқарованың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпараты тыңдалды. Депутаттар ақпаратты тыңдап, талқылап, тиісті қаулы қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1246891?lang=ru
-
Балалардың құқықтары қорғалды: Қостанай облысында 157 алимент төлемейтін адамдар жауапқа тартылды және 240 миллион теңгеден астам өндірілді
Қостанай облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың кәмелетке толмаған адамдарды ұстауға алимент бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдауының толықтығы мен уақтылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады. Прокуратураның бастамасымен облыстың барлық өңірлерінде алимент бойынша борышкерлерді жұмыспен қамту үшін «Enbek қолдау» бос орын жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері жәрмеңкелер арқылы 100-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл балаларды асырап-бағуға…
-
Көрсетілген фактілер бойынша артық төленген сомаларды өтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде дәйексіз құжаттарды ұсынуды анықтау бойынша жүргізілетін жұмыс туралы
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі жалғандық белгілері бар жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша еңбек өтілі туралы құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылардың жинақтау өтілінің жасанды ұлғаю белгілері бар істеріне тұрақты негізде тексеру жүргізеді. Тексеру барысында құжаттардың түпнұсқаларын электрондық құжаттармен салыстыру жүргізіледі, мұрағат мекемелеріне сұрау салулар жіберіледі. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі бойынша жарналардытөлеу,…
-
Ұлы Абайдың ізімен: павлодарлық оқушылар елдің үздіктері қатарынан көрінді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 21-24 маусым аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде жалпы білім беру үйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV мерейтойлық республикалық Абай оқуларын өткізді. Республикалық шараға 21 команда құрамында 132 оқушы қатысты. Абай…
-
Creative Aimaq жобасы: Павлодар облысы қолөнершілерінің өнері мен туындылары Астанадағы жәрмеңкеде таныстырылады
Ертіс-Баянның өнері мен өрнегі елорда төрінде тоғысады. Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында 27-28 маусым күндері «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Павлодар облысының креативті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Creative Aimaq жобасының басты мақсаты – өңірлік креативті индустрияларды дамыту, жергілікті брендтерді қолдау, шығармашылық кәсіпкерлікті…
-
Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы тәуекелінен егістікті сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда
Қазақстанда егін жинау науқаны кезеңінде дәнді және майлы дақылдарды топырақтың шамадан тыс ылғалдануы тәуекелінен сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда. Сақтандыру шартын жасасуға өтінімді биылғы жылдың 30 маусымына дейін Kezekte.kz платформасы арқылы беруге болады. Сақтандыру Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлеріне қолжетімді. 2026 жылғы 15 тамыздан…
-
Байғанин ауданындағы кездесу
🔰Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қызметкері А. Аткиевтің, сондай-ақ Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А. Кенжебаевтың қатысуымен Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өтті.🔰Кездесу барысында Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері…
