Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Оралда 4 сәуір мен 30 мамыр аралығында санитарлық-экологиялық айлық өтеді
ңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Орал қаласы аумағында санитарлық-экологиялық айлықтың басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қатысып, көктемгі тазалық жұмыстарының барысы туралы баяндады. Спикердің айтуынша, айлықтың негізгі мақсаты – қыс мезгілінен кейін қаланы ретке келтіру, көшелер мен аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою және көгалдандыру жұмыстарын күшейту.…
-
AMANAT IDEATHON: Қызылордада әлеуметтік инновациялар шеруі өтті.
Қызылорда қаласында «Amanat» партиясының қолдауымен өткен AMANAT IDEATHON хакатоны 250-ге жуық белсенді жастың басын қосты. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жалпы саны 106 жоба қорғалып, сарапшылардың жоғары бағасын алды. 1 000 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені ерекше балаларға ағылшын тілін үйрететін «Qozy» мобильді қосымшасы иеленсе, білім беру платформасын ұсынған мектеп оқушысы Көркем…
-
Қазақстан БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының «Интеллектуалды үкімет» стратегиясын таныстырды
Қазақстан делегациясы Азия мен Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 82-ші сессиясына қатысты. Шара өңірдегі 50-ден астам елдің өкілдерін біріктірді. Сессия аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жоғары деңгейдегі қатысушыларға үндеу жолдаса, Бангкок алаңындағы цифрлық күн тәртібінің практикалық аспектілерін бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин таныстырды. Қазақстанның осы Сессияның…
-
Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісіп бекітті
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Левин Станислав Владимирович ” ForteBank ” АҚ Басқарушы директор – CFO орынбасары (Өзге де басшы қызметкер) лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 20 сәуірдегі № 25/БВУ/П хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1204977?lang=kk
-
Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Акция Жоңғар Алатауы тауларының бөктерінде өтіп, арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік жүргізіліп, еріктілер мен жастар қауымы табиғи аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.…
-
Бақытгүл Әбенованің «Бақыттың гүлі» атты жеке концертіне шақырамыз!
Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді 24 сәуір күні сағат 19:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Әбенованің «Бақыттың гүлі» атты жеке концерті өтеді. Кеш қонақтары: Өмірқұл Айниязов, Гүлмира Ақүрпекова, Сая Есенгелдинова, Гүлбану Лахаева, күйші, композитор Рүстем Наурызов, Нұржан Ахметбек, Тілек…
-
🔰 ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІНЕ (ЕШЕАБЖ) ЕНГІЗУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЗАҢДЫ МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) міндетті түрде енгізуге тиіс. Бұл талап еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1204943?lang=kk
-
Аппараттық кеңес 20.04
Аудан әкімі Мемлекеттік органдардың басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын іске асыру және ауданның білім беру нысандарын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Отбасын қолдау орталығының қызметіне және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.Сондай-ақ аудандағы жемшөп өндірісінің жай-күйін қарастырып, оны…
-
Мәртөк ауданында жаңа өнер мектебі пайдалануға берілді
Жаңа нысанға Қамбар Медетов атындағы өнер мектебінің оқушылары көшіріледі. Өйткені, мәртөктік өнерлі балалар бүгінгі күнге дейін 1942 жылы салынған, уақыт талабына сай келмейтін, ескі ғимаратта қосымша білім алып келді. Мемлекет басшысының ауылдарға жағдай жасау, дарынды жастарды қолдау, олардың қарым-қабілетін ашу, ауыл балаларын жан-жақты демеу туралы тапсырмаларын іске асыру аясында және облыс әкімінің тікелей қадағалауымен Мәртөк…
-
Әскери қызметке шақырылатын азаматтарды анықтау және хабардар ету
Үштөбе қаласы әкімінің аппараты Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, әскери қызметке шақырылатын азаматтарды анықтау және хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметтің маңыздылығы мен заңнама талаптары туралы ақпарат берілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1204946?lang=kk
-
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады 2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен…
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК
Тұран ауданында өткен сенбілікке мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты. Тазалық жұмыстарына жалпы 8720 адам, 117 техника жұмылдырылып, 133,8 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөптер орылып, газондар ретке келтірілді. Балалар ойын алаңшалары сырланып, тротуарлар мен ирригациялық жүйелер…
-
Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда
Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ushbulak/press/news/details/1204949?lang=kk
-
Соттан тыс банкроттық рәсімінің мерзімі қысқартылды
Борыш жүктемесінен арылудың тетіктерінің бірі – соттан тыс банкроттық рәсімі болып табылады, оның жүргізілу мерзімі 6 (алты) айды құрайды («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы). 2026 жылғы 16 қаңтарда (2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін аталған мерзімді қысқартуды көздейтін түзетулерге қол қойылды.Атап айтқанда,…
-
Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау
Нашақорлық — қоғам үшін үлкен қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Ол адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасының әл-ауқатына және қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсер етеді. Тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға, ал ата-аналарды балалардың тәрбиесі мен бос уақытына ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. Күдікті жағдайлар анықталған жағдайда, тиісті органдарға хабарлауды сұраймыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1204951?lang=kk
