Қарағанды қалалық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ  

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарағанды қалалық мәслихатының учаскелік сайлау

комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында 190 бос орындарының бар болуын хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты қаланың аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.

Сайлау комиссияларының құзыреттілік мерзімі бес жыл құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны сайлау комиссиясының құрамына ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларының мүшелерін басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұратын сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 15 қазанда қоса алғандағы кезеңде  мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер электрондық және қағаз форматта;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылуы және орындалу күні көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 15 қазанда қоса алғандағы кезеңде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерінен қоспағанда) жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.

Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы – Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы.

Жауапты тұлға – «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» ММ:

Сүлейменов Қанат Маратұлы, № 413 каб., жұмыс тел.: 42-13-14, электрондық пошта мекенжайы: gormaslihat@mail.ru

Сарсембаева Асель Максутовна, № 415 каб., жұмыс тел.: 42-11-29

 

 

 

Қарағанды қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының 190 мүшесін сайлады.

Сайлау учаскелерінің орталықтары:

р/б

№ ОСК, УСК

Сайлау учаскесінің орталығы

ОСК, УСК мүшелерінің саны

Бос орындар саны

Қалалық округтік сайлау комиссиясы

            1.        

№ 3

«Шәкәрім атындағы гимназия» КМК, Әлиханов көшесі, 24

5

3

            2.        

№ 5

“Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті” жеке меншік мекемесі, Академическая көшесі, 9

5

1

            3.        

№ 6

«№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Крылов көшесі, 8

5

1

            4.        

№ 7

«Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, Баженов көшесі, 164-үй

5

3

            5.        

№ 10

«Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шахтерлер даңғылы, 66-үй

5

2

            6.        

№ 11

«Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Степной-4 шағынауданы, 33/2-үй

5

2

            7.        

№ 12

«Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Гүлдер-1 шағынауданы, 1/2-үй

5

2

            8.        

№ 13

«№81 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Гапеев көшесі, 1б-үй

5

3

            9.        

№ 14

«№16 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Язев көшесі, 13а-үй

5

1

          10.       

№ 15

«Сламия Саттаров атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сатыбалдин көшесі, 15

5

2

          11.       

№ 18

«№46 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Дружбы көшесі, 119-үй

5

1

          12.       

№ 19

«Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ, Арман көшесі, 3-үй

5

3

          13.       

№ 20

№51 қосымша білім беру мектеп- орталығы» КММ, Заслонов көшесі, 35а-үй

5

2

          14.       

№ 21

«№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 21-шағынаудан, 9/2

5

3

          15.       

№ 22

«№60 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Павленко көшесі, 9а

5

1

          16.       

№ 23

«№61 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 15-шағынаудан

5

1

          17.       

№ 24

«Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 12-шағынаудан, 27-үй

5

2

          18.       

№ 25

«№53 мектеп-лицей» КММ, Күзембаев көшесі, 32-үй

5

2

          19.       

№ 26

«Қарағанды индустриялық-технологиялық колледжі» КММ, Столичная көшесі, 2а-үй

5

2

          20.       

№ 28

«№36 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Восток-1 шағынауданы, 10а

5

2

Учаскелік сайлау комиссиялары

 

          21.       

№ 4

«№2 лицей» КММ, Абай көшесі, 60

7

2

          22.       

№ 7

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Терешкова көшесі, 40

7

1

          23.       

№ 8

«ҚР ІІМ ҰҰ 6505 әскери бөлімі» РММ, Сәтпаев көшесі, 93

5

1

          24.       

№ 16

«Г. Потанин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Лобода көшесі, 26

7

1

          25.       

№ 20

«Оқушылар сарайы» КМҚК, Ерубаев көшесі, 44

9

1

          26.       

№ 21

«Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия» КММ, Ерубаев көшесі, 43а

9

3

          27.       

№ 28

«№79 ЖББМ» КММ, Құрманғазы көшесі, 1

9

1

          28.       

№ 37

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ, Мұқанов көшесі, 41

9

1

          29.       

№ 42

«Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ, Шахтерлер даңғылы, 66

9

2

          30.       

№ 55

“Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті” жеке меншік мекемесі, Академическая көшесі, 9

7

1

          31.       

№ 57

«№2 көпбейінді аурухана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Крылов көшесі, 23

5

1

          32.       

№ 60

«Облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК, Бұқар жырау даңғылы, 53

7

1

          33.       

№ 64

«Қарағанды машина жасау колледжі» КММ, Ермеков көшесі, 27

7

1

          34.       

№ 67

«ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» РММ, Ермеков көшесі, 124

5

2

          35.       

№ 68

«№64 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Вагонная көшесі, 1а

9

1

          36.       

№ 89

«Сламия Саттаров атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сатыбалдин көшесі, 15

9

1

          37.       

№ 100

«Қоғамдық Келісім» КММ, Шахтерлер көшесі, 64

9

1

          38.       

№ 105

«Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ, Бауыржан Момышұлы көшесі, 30

9

1

          39.       

№ 124

«№11 ЖББМ» КММ, Ишимская көшесі, 76А

9

1

          40.       

№ 128

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» РММ, Зелинский көшесі, 34/2

5

1

          41.       

№ 129

«Жақып Ақбаев атындағы ЖББМ» КММ, 12-шағынаудан, 26

9

1

          42.       

№ 132

«Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 13-шағын аудан, 35А

9

1

          43.       

№ 136

«№61 ЖББМ» КММ, 15-шағынаудан, 12/1

9

1

          44.       

№ 163

«№17 ЖББМ» КММ, Восток-2 шағынауданы, 10/2

9

1

          45.       

№ 169

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Голубые Пруды шағынауданы, 3

7

1

          46.       

№ 176

«ҚР Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімі» РММ,  Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 042 есептік квартал, 8

5

1

          47.       

№ 184

«№12 ЖББМ» КММ, Жекібаев көшесі, 125а

9

1

          48.       

№ 187

«Қарағанды теміржол ауруханасы» ЖШС, Мәметова көшесі, 99

5

1

          49.       

№ 188

«№60 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Павленко көшесі, 9а

7

1

          50.       

№ 190

«31775 әскери бөлімі» РММ, Винницкая көшесі, 50

5

2

 

Барлық бос орындар ОСК – 39., УСК- 36., барлығы-75

 

Қарағанды қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                            А. Бөкенов

 

Өтініш

Нысан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1303183?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version