Абай облысының полиция қызметкерлері қарттар күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлерін құрметтеп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегін атап өтті.
Ардагерлер қатарында полиция полковнигі Ибраев Жетпісбай Сапарғалиұлы мен милиция капитаны Тойғанбаев Сейткәлі Байсүгірұлы бар. Екі ардагер де құқық қорғау саласында ұзақ жыл қызмет атқарып, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Жетпісбай Сапарғалиұлы қызметтік жолында басшылық лауазымдарға дейін көтеріліп, II дәрежелі «Айбын» орденімен және «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталған.
Ал Сейткәлі Байсүгірұлы Семей ядролық полигонындағы сынақтарға қатысқан. Бүгінде қос ардагердің өнегелі өмір жолы кейінгі буынға үлгі.
Кездесу барысында ардагерлерге алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табыс етіліп, зор денсаулық пен амандық тілектері білдірілді.
Ардагерге құрмет – елге қызметке тағзым.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1303196?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау