Санат: Алматы
-
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КҮМБІРІ – ӘЛЕМ ТӨРІНДЕ
Жуырда қазақ халқының қасиетті қазынасы – қара домбыраның қоңыр үні тағы бір мәрте халықаралық сахнада күмбірледі. Теректі ауданы, Подстепный ауылының «Ақсұңқар» өнер орталығының домбырашылар ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық байқауда дара шеберлік танытып, бас жүлдені қанжығаларына байлады. Аталмыш байқауда Қазақстаннан бөлек, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты көрші мемлекеттердің өнерпаздары бақ сынап, жерлестеріміз бәсекелестерінен…
-
Алматыда шығарындыларға бақылау күшейтіліп, төмен эмиссиялы аймақтар енгізіледі
Алматыда атмосфералық ауаның ластануын азайту шаралары күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды экология мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Жүргізілген есептеулерге сәйкес, Алматы агломерациясындағы жылдық шығарындылар көлемі 225,2 мың тонна, оның 189 мың тоннасы Алматы қаласына тиесілі. Ластанудың негізгі көзі автокөліктерде – шамамен 60%. Бұдан кейін энергетика нысандары, өнеркәсіп кәсіпорындары, жеке сектор мен құрылыс саласы келеді.…
-
Братиславада өткен Наурыз мерекесі Орталық Азия мәдениеттерін біріктірді
Братислава, 2026 жылғы 4 сәуір – Қазақстан Республикасының Братиславадағы Елшілігінің қолдауымен Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының ең көне нышандарының бірі саналатын көктем мерекесі – Наурыз кең көлемде аталып өтті. Іс-шара Словакия астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік қауымдастықтарының өкілдерін біріктірді. Іс-шараның негізгі элементі көшпелі өркениеттің жауһары саналатын дәстүрлі қазақ киіз…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ҚҰНЫ 132 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 98 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Түркістан облысы аумағында жалпы көлемі 1 961,3 гектарды құрайтын 21 құрылған. Қазіргі таңда осы аймақтарда жалпы құны 132,3 млрд теңге болатын 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 6 001 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Олардың ішінде, қазірдің өзінде 59,8 млрд теңгеге 55 инвестициялық жоба іске қосылған. Нәтижесінде 3 454 жаңа жұмыс орны…
-
Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.
Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды. Қысқа мерзімді гранттар саны: 2 Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз: «Салауатты сана» бағдарламасы аясында, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, құмарпаздық, вандализм және ысырапшылдықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; Қоғамдық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды…
-
ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ТЕХНИКА МЕН ЖҰМЫС КҮШІН ТҮГЕНДЕУ КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу бойынша жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыру шараларын тексеру үшін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс ауданындағы штабта болып, жауаптылардың есебін тыңдады. Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықтың мәлімдеуінше 2026 жылы зиянкеске қарсы 91 100 гектарды өңдеу жоспарланған. Дәріленетін аймақтар 17 секторға бөлініп, анықтаушыларға жатын орындары ұйымдастырылған. Қазіргі таңда әр секторды сумен…
-
«Таза Қазақстан»: тұрғындар мен туристерге қолайлы орта қалыптасты
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өңір әкімдерімен кеңес өтті. Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы, туристік дестинацияларды дамыту, мемлекеттік орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу, экопарктер құру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.Президент бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде санитарлық тазалық, абаттандыру…
-
Баянауылдағы тексеріс ұшуы: лимандарды қалпына келтіру су тасқыны қаупін азайтады және аграрлық әлеуетті күшейтеді
Өңір басшысы Асаин Байханов ТЖД бастығы Рустамбек Амринмен бірлесіп Баянауыл ауданы аймағына ұшу арқылы бақылау өткізді. Ұшу барысында олар Қарағанды облысындағы Ақжар және Қаратоқ су қоймаларынан су ағызумен танысып, лимандардың жай-күйін бағалады. 2024-2025 жылдары ауданда оларды қалпына келтіру бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Лимандар реттеуші көлемді 23 млн м3 дейін қамтамасыз етеді, бұл 17 елді…
-
Жетісуда кене маусымы басталды
Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді Жетісу облысында кене энцефалитінің алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап жаппай дезинсекция жұмыстары басталады. Эпидемиологиялық маусымның алғашқы екі аптасында өңірде 13 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.Мамандардың мәліметінше, облыс бойынша Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақтарға жатады.…
-
Бакс бекетте: елордада қызметтік ит бір күнде екі құқық бұзушылықты ашуға көмектесті
Елордада Бакс есімді қызметтік ит тағы да өз тиімділігін дәлелдеп, тыйым салынған заттарды сақтау деректерін анықтауға қатысты.Қалаға кіретін көліктерді тексеру барысында полиция қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп бірден екі фактіні анықтады.Сонымен, “Kia” маркалы автокөлікті тексеру барысында 52 жастағы жүргізушіден ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар үш полиэтилен орама табылды. Тыйым салынған зат қызметтік…
-
Валентина Хальзова – Азия чемпионатының қола жүлдегері
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Астана қаласының спортшысы, Әлем чемпионы, 75 келідегі Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты. Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті…
-
Астаналық гимнасттар Гран-при кезеңінде 5 медаль жеңіп алды
Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Жекелей бағдарламада елордалық спортшы Ақмарал Ерекешева көпсайыс қорытындысы бойынша 106,900 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, топтық бағдарламада №1 Ұлттық құрама командасы 46,250 ұпаймен көпсайыста қола жүлдегер атанды. Команда құрамында Жасмин Жүнісбаева,…
-
Жаңаөзенде түнгі рейд барысында алкоголь сатылымына бақылау жүргізілді
Жаңаөзен қалалық полиция департаменті қала аумағында түнгі уақытта алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы бақылау жүргізді. Белгіленбеген уақытта рейдке шыққан полиция қызметкерлері заң талаптарын бұзған сауда орындарын анықтады. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, азаматтарға ескерту жасалды. Бұл шаралар тұрғындар арасында алкоголь өнімдерін заң талаптарына сәйкес сатуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Полицияның шақыруы:Тұрғындар мен кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін…
-
«ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ АПТАЛЫҒЫ» АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен 2026 жыл ТМД елдерінде Денсаулық сақтау жылы болып жарияланды. ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Комиссияның мүшесі болып табылады, ал Қазақстан атынан өкіл ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысады, осыған орай БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және 16…
-
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
2026 жылғы 10 сәуір мен 29 мамыр аралығында мемлекеттік органдарда, ауылдық округтерде, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aksu/press/news/details/1194939?lang=kk
