Санат: Алматы

  • Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы екпе егіліп жатыр. Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді Павлодар облысы Республикада онкологиямен сырқаттанушылық бойынша 4 орында және өлім-жітім бойынша 3 орында. Адам папиллома вирусы бір вирус емес, 200-ден астам түрі белгілі байланысты вирустар тобы. Жоғары онкогендік қауіп түрлері деп аталатын АПВ-тың…

  • Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінде тұрғындардың 60 пайыздан астамы сайлау учаскелеріне келіп, округтің жаңа әкімін таңдауға қатысты.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінде тұрғындардың 60 пайыздан астамы сайлау учаскелеріне келіп, округтің жаңа әкімін таңдауға қатысты. — Бүгін біз, Байтерек ауылдық округінің тұрғындары үшін ерекше күн. Біз округ әкімі лауазымына ұсынылған үш үміткердің арасынан лайықтысын саналы түрде, ойланып таңдадық. Бұл өте маңызды, себебі таңдауымыз түскен тұлғамен бірге округімізді одан әрі дамытып, қордаланған мәселелерді шешіп,…

  • Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі болды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қырғызстан астанасы Бішкекте еркін күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан командасы сапынан бозкілемге шыққан аса ауыр салмақтағы (125 кг) отандасымыз Едіге Қасымбек тәжірибелі қытай палуаны, Азия ойындары мен чемпионатының қола жүлдегерінен басым түсті. Есеп: 8-7. Бұл – 19 жастағы Едігенің ересектер арасында құрлық додасындағы қол жеткізген алғашқы медалі. Ол – былтырғы жастар арасындағы әлем чемпионатының…

  • Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті. Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады. Жүлдегерлер: 1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады.…

  • Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига турнирінде алтыннан алқа тақты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Қытайдың Лэшань қаласында WKF каратэден 2026 жылғы маусымдағы 3-ші Премьер-лига санатындағы турнир аяқталды. Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Кумите бағдарламасында аса ауыр салмақта (+68 кг) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева қарсылас шақ келтірмей, тағы жеңімпаз атанды. Ол барлығы 5 жекпе-жек өткізді. Бүгін финалда…

  • Азамат Дәулетбеков Бішкектегі Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков 92 кг дейінгі салмақтың кіші финалында жапониялық Такаши Ишигуроны жықты. Есеп: 6-0. Осыған дейін отандасымыз Болат Сақаев (-86 кг) қола жүлдеге бахрейндік Хидир Құрбан Саипудиновпен қола жүлдеге таласты. Тартысты өткен белдесуде қарсылас 1-2 есебімен басым…

  • Қазақстан Малайзиямен іскерлік байланыстарды күшейтуде: жаңа жобалар мен бизнес қызығушылығының артуы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі болу елінің іскер топтарымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Соңғы кезеңде жетекші малайзиялық компаниялар мен салалық бірлестіктермен өткен кездесулер Қазақстанға бизнес жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін перспективалы бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Малайзия Өндірушілер федерациясымен өзара іс-қимыл аясында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда,…

  • Алғашқы 170 мегаватт: Қызылорданың жаңа газ электр станциясы тәулік бойы энергия өндіре бастады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қызылордадағы қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғысында (БГҚ) іске қосу-реттеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүріп жатыр. Түркиялық «Aksa Energy» компаниясының тікелей жеке инвестициялары есебінен іске асырылып жатқан жоба аймақтың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге бағытталған. Қазіргі уақытта екі газ турбиналы қондырғы тәулік бойы жұмыс істеп,…

  • Жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды 7,5 мыңнан астам турист тамашалады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2024 жылы кешенге 11 мыңнан астам адам келген. Ал биыл жыл басынан бері ғарыш айлағынан 4 зымыран ұшырылып, оларды 7,5 мыңнан астам турист бақылаған. «Байқоңыр» кешеніндегі ғарыш туризміне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Қалада қазіргі таңда шамамен 700 нөмір қоры бар 7 қонақ үй жұмыс істейді. «Байқоңыр» – әлемде теңдесі жоқ, туристік әлеуеті жоғары…

  • «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық конкурс қорытындыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Елордада 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс өз мәресіне жетті. Сайысты қорытындылау салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі елордадағы №115 жалпы орта білім беретін «Келешек» мектебінде өтті. «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға жыл сайын ерекше көңіл бөлініп келеді. Жас ғалымдарды қолдау жүйелі…

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы Құрметті еліміздің православ қауымы! Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын! Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі. Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім…

  • Самбо: Арнұр Қуатай Еревандағы әлем кубогында жеңімпаз атанды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Армения астанасы Ереванда спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы басталды. Алғашқы жарыс күнінің нәтижесінде Қазақстан командасының өкілдері 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Чемпиондар: Арнұр Қуатай (-71 кг) спорттық самбо Күміс жүлде: Жандос Бейсенбаев (-71 кг) спорттық самбо Еламан Қойшыбаев (-98 кг) спорттық самбо Темірлан Көлбай (+98 кг)…

  • Тассай көпірінде көлік қатынасы қайта жанданды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылына апаратын көпірді 2024 жылы көктемгі тасқын суы шайып, екі жыл бойы қатынас үзілген болатын. Ауыл тұрғындары жолды 120 шақырымға ұзартып, Қарағандыкөл ауылы арқылы айналып өтулеріне тура келді. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес маңызды инфрақұрылымдық нысанды қайта салу бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда Тассай ауылына баратын көпір арқылы көлік…

  • ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ ІС

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Темір ауыл округінде «Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу, абаттандыру деңгейін арттыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікке ауыл тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, «Темір жалпы білім беретін мектебі» КММ, «С.Әлиев атындағы шағын жинақты…

  • 1,9 млрд теңгелік 22 жоба: Ұлттық қорғаныс университеті әскердің ғылыми әлеуетін күшейтуде

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ғылым қызметкерлері күніне орай Ұлттық қорғаныс университетінде мерекелік іс-шара өтті. Оған оқу орнының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және ардагерлер қатысты. Ғылым мен білімді дамыту арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырған оқу орны үшін бұл күннің маңызы ерекше. Университет ұжымы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытып келеді. Заманауи әзірлемелер енгізіп,…

Exit mobile version