Санат: Алматы
-
Шегірткеге қарсы күрес шараларына 100-ден астам дрон жұмылдырылады
Маусымға дайындық барысында мамандар жабдықтардың техникалық жай-күйіне кешенді тексеру жүргізді. Ұшу қауіпсіздігіне, бүрку жүйелерінің тиімділігіне және басқару жүйелерінің тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kiikti/press/news/details/1258924?lang=ru
-
Астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті
«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8,7 млн тонн Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kiikti/press/news/details/1258925?lang=ru
-
Таза Қазақстан: Атырауда жастар арасында «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Атырауда жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Зияткерлік додаға 65-ке жуық оқушы мен белсенді жас қатысты. Қатысушылар 13 командаға бөлініп, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және «Таза Қазақстан» бастамасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс барысында олардың білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті…
-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРДЫ ҚОСА АТҚАРУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҒЫН КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ УАҚЫТША БОЛМАҒАН ЖҰМЫСКЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУ (АЛМАСТЫРУ) АРҚЫЛЫ ҚОСЫМША ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚОСЫМША АҚЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІН БЕРУДІ РЕТТЕЙТІН НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРЕМІЗ
Лауазымдарды қоса атқару Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, лауазымдарды қоса атқару – жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы. Бір ұйымда еңбек шартында көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін негізгі…
-
Зейнетақы заңнамасының қолданудың практикалық мәселелері
2026 жылғы 15 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қостанай қаласы бөлімінің қызметкерлеріне ҚР зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қолданыстағы заңнамасын қолдану мәселелері бойынша оқыту жүргізілді. Оқыту барысында заңнамадағы өзгерістер, құжаттарды қабылдау және қарау тәртібі қаралды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1258928?lang=ru
-
Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жалғасуда
✅ 2026 жылғы 16 шілдеде Департамент қызметкерлері Өскемен қаласының, сондай-ақ Тарбағатай, Күршім және Зайсан аудандарының білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1258912?lang=kk
-
Өскеменде өнімдерді қолжетімді бағамен сатуға арналған жаңа павильондар ашылады
Өскемендегі тұрақтандыру қоры өнімдері саудаланатын павильондар кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, алғашқы үш жаңа павильонның орналасатын орны белгіленген. Бастама аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін арттыру көзделген. Бұдан бөлек, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға әрі қызмет сапасын жетілдіруге басымдық берлімек.…
-
1,7 МИЛЛИОН АДАМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР АУРУЛАРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ
2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды. Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың пациентке (87%) артериялық гипертония, ал 15 мың пациентке (13%) жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылды. 2025 жылдан бастап скрининг бағдарламасы заманауи жоғары…
-
Қазақстанда ажырасу деңгейі 34%-ға төмендеді: мәселе Атырауда өткен республикалық форумда талқыланды
Атырауда «Отбасы және гендер: құндылықтар мен заманауи үрдістер» атты республикалық форум өтіп, онда отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бала тәрбиесі, гендерлік саясат және цифрлық дәуірдегі тәрбие мәселелері жан-жақты талқыланды. Форумға еліміздің әр өңірінен келген мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам қайраткерлері мен жастардан құралған 300-ге жуық адам қатысты. Жиында ұсынылған мәліметтерге…
-
Жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу тәртібі туралы
Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақы үш құрамдас бөліктен құралады: базалық, ынтымақты (жасына байланысты зейнетақы) және жинақтаушы. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең есепке алынады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Әлеуметтік Кодекстің 208 бабымен реттеледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде…
-
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік және көліктік бақылау комитеті «Көлік дерекқоры» ақпараттық-талдау жүйесінің жаңа деректер орталығына көшірілуіне байланысты, 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 18:00-ден бастап аталған жүйенің жұмысы және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Техникалық жұмыстарды аяқтаудың және жүйенің жұмысын қалпына келтірудің болжамды уақыты 2026 жылғы 19 шілде, сағат 23:00. Рұқсат құжаттарын…
-
Облыс әкімі Семей қаласының сол жағалауындағы жағажайда болды
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласының сол жағалауындағы жағажайда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жағажай аумағында тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырылған. Атап айтқанда, қоршау орнатылып, ағаш төсемдер төселген, демалуға арналған үстелдер, қолшатырлар, күркелер, шезлонгтар қойылған. Сонымен қатар екі құтқару мұнарасы, медициналық пункт, күзет бекеті, модульдік дәретхана, павильондар, жағажай волейболына арналған алаңдар…
-
ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 1 АЛТЫН МЕН 1 КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды. Ал 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек…
-
Елдікті нығайтқан кездесу
Бүгін аудан басшысы Ардагерлер ұйымының, Қоғамдық кеңестің мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Жиында Конституциялық реформалардың халық өміріне тигізер оң әсері, құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа қадамдар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омарұлы сөз алып, жаңа Ата Заңның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып: «Жаңа Конституция —…
-
Үш жылда Тараздың қоғамдық көлік жүйесі жаңа деңгейге көтерілді
Тараз қаласында соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Жолдардың өткізу қабілетін арттыру, қоғамдық көлік сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобалар шаһардың көлік жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беруде. Бүгінде қаладағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Абай даңғылы бойындағы темір жол үстінен өтетін жол өткелі мен жаяу…
